Аудандық мәслихаттың 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары

Сарысу аудандық мәслихатының       

2022 жылғы 7 желтоқсанындағы

№36-9 шешіміне қосымша

 

Аудандық мәслихаттың 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары

 

 І тоқсан

  1. Ауданға инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
  2. Жайылма және Игілік ауылдық округі әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
  3. 2022 жылы Сарысу аудандық мәслихатының атқарған жұмыстары туралы аудандық мәслихат хатшысының есебі.

 

ІІ тоқсан

  1. Аудандағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы туралы.
  2. Досбол, Қамқалы және Тоғызкент ауылдық округі әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
  3. 2022 жылға арналған аудандық, қала және ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы.
  4. Аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы есепті мерзім ішінде атқарған жұмысы туралы есебі.

 

ІІІ тоқсан

1.Сарысу ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөнінде аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі туралы.

  1. Сарысу ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыспен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
  2. Жаңатас қаласы және Жаңаарық, Түркістан ауылдық округі әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
  3. Аудандық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істері мен отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы есепті мерзім ішінде атқарған жұмысы туралы есебі.

 

ІV тоқсан

  1. Аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктер т.б.) атқарып отырған жұмыстарының барысы туралы.
  2. Байқадам және Жаңаталап ауылдық округі әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
  3. Аудандық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, энергетиканы, көлікті, байланыс пен кәсіпкерлікті дамыту және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы есепті мерзім ішінде атқарған жұмысы туралы есебі.

 

План
Дата публикации
30 декабря 2022