Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Депутаттық қызмет

Депутаттың өкілеттігі

  1. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.
    2. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, мәслихат өкiлеттiгi тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
    3. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда:
    1) депутат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
    2) депутатты әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет ету қабiлетi шектеулi деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
    3) мәслихаттық өкiлеттiгi тоқтатылса;
    4) депутат қайтыс болған, депутатты хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы сот шешiмi не оны қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген;
    5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан тоқтатса;
    6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;
    7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
    8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;
    9) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының немесе құрамына өзi сайланған мәслихат органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса;
    10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесi қызметiне тағайындалса, мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
    4. Депутаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сессиясында қабылданады.
    5. Өз қызметiн мемлекеттiк бюджет есебiнен ақы төленетiн тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, шаруашылық субъектiсiн басқаруға дербес қатысуға, педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, ақы төленетiн басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
  2. Депутат:
    1) мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
    2) өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы, сондай-ақ өзiнiң депутаттық қызметiнiң барысы туралы, жылына кемiнде бiр рет хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
    3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге;
     4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсте тұруға мiндеттi.
    Мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және мемлекеттiк ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кiдiрiссiз қабылдауға және оларға жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруда қажеттi жәрдем беруге мiндеттi.
Документы
Новости
Полезные материалы
Депутаттық қызмет
Мәслихат депутаттары
Аудандық мәслихаттың кезекті 36-шы сессиясының күн тәртібіндегі «Байқадам және Жаңаталап ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есептері» мәселесін зерделеу мен жағдайын анықтау мақсатында аудандық мәслихат депутаттары мен аудандық мәслихат аппараты қызметшілері енген жұмысшы тобы құрылды.
Медиагалерея
6
Ағымдағы жылдың тамыз айының басында ауданымыздың Жайылма, Жаңаталап, Игілік ауылдық округтерінде кездесу жиындар өтті, ол жерде ауыл тұрғындары, мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков және округтерге қарасты депутаттар мен аппарат қызметкерілері қатысты.
10
Аудандық мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков және №4 сайлау округінің депутаты Қ.Айнабеков Түркістан ауылдық округіндегі атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті
События
20 марта
Аудандық мәслихат депутаттарының назарына
02 апреля
Аудандық мәслихат депутаттарының назарына
26 апреля
Чернобыль апатының құрбандарын еске алу күні
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы