№ 43 «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Жоба

Мәслихаттың 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1.    Мәслихаттың «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

          кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

          «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

          көрсетілген шешіммен бекітілген «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының төрағасы                                           Д. Әбжамалов

Дата публикации
08 сентября 2025