Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан      Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 213 098,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 109 464,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 103 634,0  мың теңге;

         2) шығындар – 213 098,0 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

0,0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған Сарыкөл кентінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенциялардың көлемі 92 531,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
  2. 2025 жылға арналған Сарыкөл кентінің бюджетінде аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдері көзделмегені ескерілсін.
  3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
09 декабря 2024