Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Сарыкөлаудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 82 527,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 19 393,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 63 134,0 мың теңге;

         2) шығындар – 82 527,0 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған Тағыл ауылдық округініңбюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенциялардың көлемі 47 526,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
  2. 2025 жылға арналған Тағыл ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдері көзделмегені ескерілсін.
  3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
09 декабря 2024