Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 29 367,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 11 351,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 18 016,0 мың теңге;

         2) шығындар – 29 367,0 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

0,0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған Севастополь ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенциялардың көлемі 18 016,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
  2. 2025 жылға арналған Севастополь ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдері көзделмегені ескерілсін.
  3. Осы шешім 2025жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
09 декабря 2024