Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Златоуст ауылының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы.

 

         Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының                                1) тармақшасына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сарыкөл ауданы Златоуст ауылының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 29 834,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 8 962,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 20872,0 мың теңге;

         2) шығындар – 29 834,0 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

0,0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған Сарыкөл ауданының Златоуст ауылының бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемі 20872 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.

         3 2025 жылға арналған Сарыкөл ауданының Златоуст ауылының бюджетінде аудандық бюджетке бюджеттік алып қою көлемі көзделмегені ескерілсін.    

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
09 декабря 2024