Положение об отделе организационно-контрольной и кадровой работы государственного учреждения «Аппарат Сарыкольского районного маслихата

                                               Аудандық мәслихаты хатшысының

2021 жылғы «1»  шілдедегі

№ 10 өкіміне қосымша

 

 

«Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі туралы ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.   Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Мәслихат аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2.   Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  1. Бөлім мәслихат хатшысы бекітетін айлық жоспарлар бойынша жұмыс істейді.

 

  1. Бөлім мақсаттары

 

  1. Бөлімнің негізгі мақсаттары болып табылады:

1) мәслихат пен оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;

2)  іс қағаздарын жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету;

3)   кадр мәселелерін белгіленген тәртіппен шешу;

4)   бухгалтерлік есеп жүргізу;

5) бекітілген бюджет шегінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру және бюджет қаражатын пайдалану бойынша жұмыс, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес бюджеттің атқарылуы бойынша қаржылық рәсімдерді жүзеге асыру.

        

  1. Бөлім қызметінің негізгі функциялары мен бағыттары

 

  1. Мәслихат пен оның органдарының, мәслихат хатшысының және мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
  2. Мәслихат сессияларының, мәслихаттың тұрақты, уақытша комиссияларының отырыстарын, мәслихат хатшысы жанындағы кеңестерді, семинарларды дайындау.
  3. Мәслихат шешімдерінің, тұрақты комиссиялар қаулыларының, мәслихат хатшысы өкімдерінің жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асыру. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу.
  4. Мәслихат депутаттарын, мәслихат аппаратының қызметкерлерін құқықтық оқытуды ұйымдастыру.
  5. Прокурорлық ден қою актілері, басқа да бақылаушы органдар бойынша уақтылы шаралар қабылдау.
  6. Мәслихат аппаратының қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсету.
  7. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен өзара іс-қимыл жасау.
  8. Сот және басқа да органдарда мәслихат аппаратының өкілі ретінде қатысу.
  9. Мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін, мәслихат хатшысының өкімдерін дайындауды және тіркеуді жүзеге асыру.
  10. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша есептілікті уақтылы дайындау.
  11. Мәслихат пен мәслихат аппаратының норма шығармашылық қызметін талдау, оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу.
  12. Қызметшілердің жеке істерін ресімдеу және есепке алу, Мемлекеттік қызметшілердің заңда белгіленген шектеулерді қабылдау туралы келісімін жазбаша нысанда тіркеу.
  13. «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымдарына конкурстарды ұйымдастыру және өткізу.
  14. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін орындауын бақылау.
  15. Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
  16. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты аудандық мәслихат хатшысының өкімдерін дайындау.
  17. Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу.
  18. «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын әзірлеу, төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын жасау және оларға есеп айырысу, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу.
  19. Мүдделі тұлғалардың, мекемелердің назарына мәслихаттың шешімдерін, тұрақты комиссиялардың қаулыларын жеткізу, қабылданған актілер бойынша көшірмелер, үзінділер және анықтамалар беру.
  20. Мәслихат аппаратында іс жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжаттардың мәслихат аппаратында өту мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру.

Мәслихат аппаратының қызметі барысында іс жүргізумен аяқталған құжаттарды және тұрақты, сондай-ақ уақытша сақталатын істерді есепке алу және сақтау.

  1. Сессиялардың, тұрақты және уақытша комиссиялардың отырыстарының ұйымдастырушылық-техникалық дайындығын қамтамасыз ету.
  2. Мәслихат аппараты аппаратының жиынтық істер номенклатурасын әзірлеу.
  3. Қызметтік бланкілерді, қызметтік куәліктерді, мөрлерді, штаптарды, іссапар куәліктерін беруді есепке алуды жүзеге асыру.
  4. Мәслихат аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру, олардың қаралу тәртібін, орындалу мерзімі мен сапасын бақылау.
  5. Мәслихат хатшысының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру.
  6. Сайлау комиссияларын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру.

 

  1. Бөлімнің құқығы бар

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға құқылы.
  2. Аудандық бюджет қаражаты есебінен қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өту.
  3. Мемлекеттік қызмет өткеруге қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер беруге міндетті.
  4. Қызмет бойынша жоғарылату.
  5. Негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеруді талап етуге құқылы.
  6. Еңбекті, денсаулықты қорғау, қажетті еңбек жағдайларына құқығы.
  7. Мәслихат аппаратының жұмысын жетілдіру бойынша жоғары тұрған лауазымды тұлғаларға ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

 

  1. Бөлімінің міндеттері

 

         Бөлім қызметкерлері:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын қабылдауға.
  3. Мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген шектеулерді қабылдауға.
  4. Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау. Функционалдық міндеттерін адал орындауға.
  5. Берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттерге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға.
  6. Заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде азаматтардың өтініштерін, қызметтік құжаттарды қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға.
  7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауға.
  8. Мәслихат хатшысының, мәслихат аппараты басшысының өкімдері мен нұсқауларын орындауға.
  9. Функционалдық міндеттеріне сәйкес мемлекеттік меншіктің сақталуын, іс жүргізудің тиісті жүргізілуін қамтамасыз етуге.
  10. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға.
  11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.

 

  1. Жауапкершілік

 

  1. Бөлім басшысы осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді.
  2. Басқа қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі заңмен белгіленеді.

 

  1. Өзара алмасу

 

  1. Қызметкерлердің демалысқа шығуына, науқастануына немесе өзге де себептерге байланысты болмаған уақытта мынадай өзара алмастырушылық белгіленеді:

         Бөлім басшысы уақытша болмаған жағдайда оның міндеттерін аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы атқарады;

бас маман уақытша болмаған жағдайда оның міндеттерін аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру – бақылау және кадр жұмысы бөлімінің екінші бас маманы атқарады.                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Приложение

к распоряжению секретаря

районного маслихата

                                                                  от 1 июля 2021 года  № 10

 

 

Положение

об отделе организационно-контрольной и кадровой работы государственного учреждения «Аппарат Сарыкольского районного маслихата»

 

 

  1. Общие положения

 

1.   Отдел организационно-контрольной и кадровой работы (далее-Отдел) является структурным подразделением государственного учреждения «Аппарат Сарыкольского районного маслихата» (далее -Аппарат маслихата).

  1. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента, Правительства Республики Казахстан и иными нормативными актами и настоящим Положением.
  2. Отдел работает по месячным планам, утверждаемым секретарем маслихата.

 

  1. Задачи Отдела

 

  1. Основными задачами Отдела являются:

1) осуществление организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности маслихата и его органов, оказания помощи депутатам в осуществлении их полномочий;

2)  обеспечение единого порядка ведения делопроизводства;

3)   решение в установленном порядке кадровых вопросов;

4)   ведение бухгалтерского учета;

5) работа по реализации бюджетных программ и использованию бюджетных средств в пределах утвержденного бюджета, осуществление финансовых процедур по исполнению бюджета в соответствии с действующими законодательными актами.

        

  1. Основные функции и направления деятельности Отдела

 

  1. Осуществление организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности маслихата и его органов, секретаря маслихата и Аппарата маслихата.
  2. Подготовка заседаний сессий маслихата, постоянных, временных комиссий маслихата, совещаний при секретаре маслихата, семинаров.
  3. Осуществление правовой экспертизы проектов решений маслихата, постановлений постоянных комиссий, распоряжений секретаря маслихата. Ведение правового мониторинга нормативных правовых актов.
  4. Организация правового обучения депутатов маслихата, работников Аппарата маслихата.
  5. Своевременное принятие мер по актам прокурорского реагирования, других контролирующих органов.
  6. Оказание методической помощи по правовым вопросам работникам Аппарата маслихата.
  7. Взаимодействие с государственным учреждением «Аппарат акима Сарыкольского района».
  8. Участие в качестве представителя Аппарата маслихата в судебных и других органах.
  9. Осуществление подготовки и регистрации нормативных правовых актов маслихата, распоряжений секретаря маслихата.
  10. Своевременная подготовка отчетности по вопросам, относящимся к компетенции отдела.
  11. Анализ нормотворческой деятельности маслихата и Аппарата маслихата, внесение предложений по ее совершенствованию и устранению выявленных недостатков.
  12. 16. Оформление и учет личных дел служащих, фиксирование в письменной форме согласия государственных служащих о принятии ограничений, установленных законом.
  13. 17. Организация и проведение конкурсов на занятие вакантных должностей административных государственных служащих в государственном учреждении «Аппарат Сарыкольского районного маслихата».
  14. 18. Контроль за выполнением государственными служащими Этического кодекса.
  15. 19. Организация проведения оценки деятельности, повышения квалификации государственных служащих.
  16. 20. Подготовка распоряжений секретаря районного маслихата, связанных с прохождением государственными служащими государственной службы.
  17. 21. Формирование и ведение личных дел государственных служащих.
  18. 22. Разработка паспортов бюджетных программ государственного учреждения «Аппарат Сарыкольского районного маслихата», составление планов финансирования бюджетных программ по платежам и обязательствам и расчеты к ним, проведение государственных закупкок товаров, работ и услуг.
  19. 23. Доведение до сведения заинтересованных лиц, учреждений, решений маслихата, постановлений постоянных комиссий, выдача копий, выписок и справок по принятым актам.
  20. 24. Обеспечение единого порядка ведения делопроизводства, осуществление контроля за сроками прохождения документов в Аппарате маслихата.

Учет и хранение законченных делопроизводством документов и дел как постоянного, так и временного хранения, образующихся в ходе деятельности Аппарата маслихата.

  1. 25. Обеспечение организационно-технической подготовки заседаний сессий, заседаний постоянных и временных комиссий.
  2. 26. Разработка сводной номенклатуры дел аппарата Аппарата маслихата.
  3. 27. Осуществление учета выдачи служебных бланков, служебных удостоверений, печатей, штапов, командировочных удостоверений.
  4. 28. Организация работы с обращениями физических и юридических лиц в Аппарате маслихата, контроль за порядком их рассмотрения, сроками и качеством исполнения.
  5. 29. Организация личного приема граждан секретарем маслихата.
  6. 30. Осуществление работы по формированию избирательных комиссий.

 

  1. Отдел имеет право

 

  1. 31. Пользоваться правами и свободами, которые гарантируются Конституцией и законами Республики Казахстан.
  2. 32. Проходить переподготовку и повышение квалификации за счет средств районного бюджета.
  3. 33. Беспрепятственно знакомиться с материалами, которые касаются прохождения государственной службы, в необходимых случаях давать личные объяснения.
  4. 34. На продвижение по службе.
  5. 35. Требовать служебного расследования при наличии необоснованных обвинений.
  6. 36. На охрану труда, здоровья, необходимые условия труда.
  7. 37. На внесение вышестоящим должностным лицам предложений по совершенствованию работы Аппарата маслихата.

 

  1. Обязанности Отдела

 

         Служащие Отдела обязаны:

  1. 38. Соблюдать Конституцию и законодательство Республики Казахстан.
  2. 39. Приносить присягу государственного служащего в порядке, утвержденном Президентом Республики Казахстан.
  3. 40. Принимать на себя ограничения, установленные законодательством для государственных служащих.
  4. 41. Соблюдать трудовую и исполнительскую дисциплину. Добросовестно исполнять функциональные обязанности.
  5. 42. Осуществлять полномочия в пределах предоставленных прав и в соответствии с должностными обязанностями.
  6. 43. Рассматривать в порядке и сроки, установленные законодательством, обращения граждан, служебные документы, принимать по ним необходимые меры.
  7. 44. Соблюдать Этический кодекс государственных служащих Республики Казахстан.
  8. 45. Выполнять распоряжения и указания секретаря маслихата, руководителя аппарата маслихата.
  9. 46. Обеспечивать сохранность государственной собственности, должное ведение делопроизводства в соответствии с функциональными обязанностями.
  10. 47. Повышать свой профессиональный уровень и квалификацию для эффективного исполнения служебных обязанностей.
  11. 48. Соблюдать иные обязанности, установленные законодательством Республики Казахстан.

 

  1. Ответственность

 

  1. 49. Руководитель отдела несет персональную ответственность за выполнение возложенных настоящим Положением на отдел задач и функций.
  2. 50. Степень ответственности других работников устанавливается законодательством.

 

  1. Взаимозаменяемость

 

  1. 51. На время отсутствия работников в связи с уходом в отпуск, болезнью или по иным причинам устанавливается следующая взаимозаменяемость:

         в случае временного отсутствия руководителя отдела его обязанности исполняет главный специалист отдела организационно-контрольной и кадровой работы аппарата районного маслихата

в случае временного отсутствия главного специалиста его обязанности исполняет второй главный специалист отдела организационно – контрольной и кадровой работы аппарата районного маслихата.

 

Положение об отделе организационно-контрольной и кадровой работы государственного учреждения «Аппарат Сарыкольского районного маслихата
Дата публикации
01 июля 2021