Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды.
Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.
Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі деп Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты хабарлайды.
2026 жылғы 28 қыркүйекте Сарқан аудандық мәслихатының
кезектен тыс 65 –ші сессиясы өткізіледі
(Өткізілетін орны: онлайн режим (ZOOM) арқылы)
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралады:
Басталу уақыты: сағ.16:00
2026 жылғы 25 қыркүйекте Сарқан аудандық мәслихатының кезектен тыс 64 -ші сессиясы өткізіледі
(Өткізілетін орны: онлайн режим (ZOOM) арқылы)
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралады:
Басталу уақыты: 10-00
«Сарқан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонның мақсаты, шарттары мен ережелерін түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша аппараттық жиын өткізілді.
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
2026 жылғы 27 тамызда Сарқан аудандық мәслихатының кезектен тыс 63 -ші сессиясы өткізіледі
(Өткізілетін орны: онлайн режим (ZOOM) арқылы)
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралады:
Басталу уақыты: 10-00
Сарқан аудандық мәслихаттың кезектен тыс 62-ші сессиясы онлайн Zoom платформасы арқылы өтті. Сессияның күн тәртібінне сәйкес Сарқан аудандық маслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №62-325 Алматы облысы Сарқан ауданының Алмалы, Бақалы, Екіаша, Қарғалы, Қарабөгет, Қойлық ауылдарының дамыту және салу схемаларын (оңайтылған бас жоспарлары) бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы және Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы сұрақтар қаралды.
Аталған сұрақтар бойынша Сарқан аудандық мәслихатының депутаттары дауысқа салып, тиісті шешім қабылдады.
2026 жылғы 7 тамызда Сарқан аудандық мәслихатының кезектен тыс 62 -ші сессиясы өткізіледі
(Өткізілетін орны: онлайн режим (ZOOM) арқылы)
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралады:
Басталу уақыты: 10-00
2026 жылғы 29 шілдеде Сарқан аудандық мәслихатының кезектен тыс 61 -ші сессиясы өткізіледі
(Өткізілетін орны: онлайн режим (ZOOM) арқылы)
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралады: