Сарқан ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық
режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету
туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Сарқан
аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарқан ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнайы
салық режимін қолданған кезде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда,
корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесін есепті салық кезеңі
үшін салық салу объектісіне 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және
ресми жариялануға жатады.
Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы М. Разбеков