Сарқан ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025 - 2029 жылдарға арналған
жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
- Алмалы, Аманбөктер, Амангелді, Бақалы, Екіаша, Қарабөгет, Қарашыған, Қойлық, Көктерек, Лепсі, Черкасск, Шатырбай ауылдық округтерінде және Сарқан қаласы 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлар 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 осы шешімнің қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының «Экономика, бюджет, аграрлық сала, жер қатынастары, экология, кәсіпкерлікті дамыту және туризм мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарқан аудандық
мәслихатының төрағасы М. Разбеков