«Сарқан ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» 2014 жылғы 03 шілдедегі № 32-193 Сарқан аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Сарқан ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 47-233 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 85727 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
20 сентября 2023