GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Мәслихат туралы
Қызметі
Все материалы
Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттары
15 октября 2026
«Біз есірткіге қарсымыз» — салауатты өмір салтын қолдаймыз!

«Біз есірткіге қарсымыз» — салауатты өмір салтын қолдаймыз!

2026 жылғы 9 қазанда Сандықтау ауданының ұйымдары мен мекемелері арасында «Біз есірткіге қарсымыз!» ұранымен күзгі жеңіл атлетикалық кросс өтті. Жарыс шаңғы-роллерлік трассада ұйымдастырылды.

Аудан әкімі Серік Құдабайдың атынан жарысқа қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова құттықтады. Ол өз сөзінде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты да қатысып, денсаулықты нығайтуға, дене белсенділігін арттыруға және қоғамдағы келеңсіз әлеуметтік құбылыстардың алдын алуға бағытталған бастаманы қолдады.

Жарыс қорытындысы бойынша Жакенова Махаббат жүлделі III орынға ие болды. Бұл нәтиже оның табандылығының, мақсатқа ұмтылысының және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ынтасының айқын көрінісі.

Махаббатты лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Оған зор денсаулық, толағай табыс, жаңа спорттық жетістіктер және алға қойған мақсаттарына жетуде сәттілік тілейміз!

Салауатты өмір салты — қоғам әл-ауқатының негізі!

Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттары
15 октября 2026
Аппаратное совещание.

   

Сандықтау ауданында аудан әкімі Серік Құдабайдың қатысуымен аудандық бөлімдер, қызметтер мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен аппараттық кеңес өтті.

 

Кеңес басында аудан әкімі Серік Құдабай Сандықтау ауылдық округінің дамуына қосқан елеулі үлесі және көп жылғы адал еңбегі үшін Фархад Жунусовқа алғыс білдірді. Сондай-ақ аудан активіне Сандықтау ауылдық округінің жаңа әкімі Мұрат Баубеков таныстырылды.

 

Аппараттық кеңес барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Сандықтау ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдау қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспарлы көрсеткіштің орындалуы талқыланды.

 

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Құдабай аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.

 

Ауылдық елді мекендерге тұрғындар мен жаңа мамандарды тартуға бағытталған бейнероликтер дайындауға, сондай-ақ қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қамтамасыз ету жөніндегі меморандумдар жасасуға ерекше назар аударуды тапсырды.

 

Сонымен қатар басшыларға жылыту маусымының барысын ерекше бақылауда ұстау және «Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.

Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттары
15 октября 2026
• Сандықтау мақтан тұтатын әулет!

·         Сандықтау мақтан тұтатын әулет!

Бүгін Сандықтау аудандық мәслихатының төрайымы Г. С. Мұстафина Сандықтау аудандық «Әділет» партиясы филиалының төрайымы М. А. Аркеновамен бірге Покаминдер отбасын — мамандығына деген сүйіспеншілікті, еңбекқорлықты және халыққа қызмет етуге деген ұмтылысты ұрпақтан-ұрпаққа жалғаған нағыз педагогтер әулетін құттықтады.

Людмила Александровна Моисеева — 47 жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар, педагогикалық еңбек ардагері, білікті ұстаз, тәлімгер және отбасылық педагогикалық дәстүрдің негізін қалаушы.

Ольга Геннадьевна Покамина — химия және биология пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, кәсіби байқаулардың жеңімпазы және жүлдегері, «PISA: жаратылыстану-ғылыми бастау» педагогикалық бағдарламасының авторы.

Николай Андреевич Покамин — дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, әлемдік рекорд иегері және дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасындағы кәсіби байқаудың жеңімпазы.

85 жылдық жалпы еңбек өтілі, 50-ден астам марапат, грамота және алғыс хат — әрі өз ісіне адал үш ұрпақ.

Покаминдер педагогикалық әулеті — бұл жай ғана отбасы тарихы емес. Бұл — ұрпақтар сабақтастығының, кәсіби абыройдың және қоғамға шынайы қызмет етудің жарқын үлгісі.

Біз бұл отбасының жетістіктерін мақтан тұтып, алдағы уақытта да жаңа кәсіби, спорттық және өмірлік жеңістер тілейміз!

Адамдарға қызмет ету және лайықты ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі отбасында жалғасын таба берсін!

Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттары
15 октября 2026
Ұстаздар күні — құрмет пен алғыс мерекесі!

Ұстаздар күні — құрмет пен алғыс мерекесі

Ұстаздар күні — білімді, ағартушылықты және еліміздің болашағын бағалайтын барша қауымды біріктіретін ерекше мереке.

Осы айтулы күні Сандықтау аудандық мәслихатының төрайымы Гүлнара Сергеевна Мұстафина Сандықтау аудандық «Әділет» партиясы филиалының төрайымы Майя Амангельдиновна Аркеновамен бірге Сандықтау ауданының білім бөлімінің басшысы Г. Е. Қадырова мен Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары С. С. Жаилганованы кәсіби мереке — Ұстаздар күнімен құттықтады.

Ұстаз — жай ғана мамандық емес, бұл — үлкен жауапкершілік пен жүрек қалауы. Педагогтер өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, олардың бойында білімді, құндылықтарды және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыра отырып, еліміздің болашағына өлшеусіз үлес қосуда.

Мерекелік күні ұстаздардың кәсібилігіне, өз ісіне деген адалдығына және ауданның білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесіне шынайы алғыс білдірілді.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз! Еңбектеріңіз әрдайым құрмет пен жоғары бағалауға бөлене берсін!

Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттары
15 октября 2026
Қоғамға қызмет етудің лайықты үлгісі.

Қоғамғақызмететудіңлайықтыүлгісі.

Закутянский Иван Андреевич — аудандық мәслихаттың I, II және III шақырылымдарының депутаты, 1993–2003 жылдар аралығында аудандық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарды.
Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Иван Андреевич аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қазіргі таңда Иван Андреевич зейнет демалысында. Оның көп жылғы еңбегі мен ауданның дамуына қосқан үлесі — қоғамға жауапкершілікпен және адал қызмет етудің жарқын үлгісі.

Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттары
15 октября 2026
АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ ПЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ ПЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

Халықаралық қарттар күніне орай Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты ауданның аға буын өкілдерін құттықтады.
Ардагерлер мен қазыналы қарттарға көп жылғы еңбегі, өмірлік тәжірибесі және туған өлкенің дамуына қосқан үлесі үшін шынайы алғыс білдірілді.
Аға буын өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жан тыныштығын, отбасылық амандық пен жақындарының ықыласын тіледі.
Аға буынға құрмет көрсету, ардагерлерге қамқорлық таныту және ұрпақтар сабақтастығын сақтау — қоғамымыздың маңызды құндылықтарының бірі.

Қоғамдық кеңес
24 сентября 2026
Сандықтау ауданында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттары
24 сентября 2026
Аудандық бөлімдер, қызметтер мен мекемелердің басшыларының қатысуымен аппараттық кеңесі өтті.
Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттары
17 сентября 2026
Кәсіби мерекеге орай Сандықтау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің қызметкерлерін құрметтеу рәсімі өтті.

Аудан әкімдігінің акт залында кәсіби мерекеге орай Сандықтау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің қызметкерлерін құрметтеу рәсімі өтті.

Сандықтау ауданының әкімі С. Құдабайдың атынан аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуде сала мамандарының маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сала ардагерлеріне көп жылғы еңбегі мен қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін ерекше алғыс білдірілді.

Іс-шара барысында бірқатар қызметкерге адал еңбегі және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хаттар табысталды.

Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттары
17 сентября 2026
«Әділет» партиясының Сандықтау аудандық филиалында сайлауалды штаб мүшелеріне алғыс хаттар табысталды.

БІРЛЕСКЕН ЕҢБЕК ҮШІН АЛҒЫС

Бүгін «Әділет» партиясының Сандықтау аудандық филиалында сайлауалды штаб мүшелеріне алғыс хаттар табысталды.

Сайлау науқаны – үлкен жауапкершілікті, белсенділікті, бастамашылдықты және ауызбіршілікті талап ететін маңызды жұмыс. Халықпен кездесулер өткізу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, түрлі іс-шараларды ұйымдастыру, елді мекендерге сапарлар жасау және тұрғындармен тікелей байланыс орнату – осының барлығы біздің командамыздың күнделікті еңбегінің нәтижесі.

«Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Арқабайұлы Дадебайдың атынан сайлау науқанына белсенді қатысып, қолдау көрсеткені және ортақ іске қосқан үлесі үшін сайлауалды штаб мүшелеріне «Әділет» партиясы Сандықтау аудандық филиалының төрағасы Майя Амангелдіқызы Аркенова алғыс хаттар табыстады.

Бізбен бірге болып, қолдау көрсеткен, көмектескен және ортақ нәтижеге өз еңбегімен үлес қосқан әрбір жанға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Бірлік пен ауызбіршілік бар жерде – береке мен нәтиже бар. Біртұтас команда болып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, қоғам игілігі жолындағы маңызды міндеттерді бірге жүзеге асыра берейік!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, жаңа жетістіктер және алдағы жұмыстарыңызға толағай табыс тілейміз!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы