ОТ 18.03.2025 Г

Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы

25 желтоқсандағы № 17/1 «2025-2027 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

                        

Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Сандықтау аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 17/1 болып шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 2 830 313,7  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 929 603,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 17 171,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 276,7 мың теңге;

трансферттер түсімі – 1 879 263,0 мың теңге;

2) шығындар – 2 889 349,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 15 361,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттiк кредиттер – 37 354,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 21 993,0 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – -13 551,0 мың теңге, оның ішінде:

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 13 551,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 60 845,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 60 845,9 мың теңге.

жоғарыда көрсетілген шешімнің 1, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2   қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Аудандық мәслихатының төрағасы

Г. Мустафина

 

 

Дата публикации
27 июня 2025