Абуев Магамед -Сали Абуезитович
Өзінің еңбек жолын 1989 жылдан «Максимовский» ЖШС экономисті болып бастады, 1996 жылдан бастап «Еңбек» шаруа қожалығының басшысы, 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «1 мамыр АШК» ЖШС директоры қызметін атқарады, 2015 жылдан бастап «Спасское Агро» ЖШС құрылтайшысы болып табылады. «Спасское Агро» ЖШС қызметінің түрі -дәнді дақылдарды өсіру.
«Спасское Агро» ЖШС М. А. Абуевтің басшылығымен жұмыс істеген уақытында МТМ, автотұрақ, мех. ток құрылысы күрделі жөндеуден өтті, машина-трактор паркі жаңартылды. Түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге Спасское АМҮ үшін музыкалық аппаратура сатып алуға, Спасское ауылының шағын орталығын жөңдеуге, монша ашуға, көгалдандыру мен абаттандыруға демеушілік көмек көрсетілді.
«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Тыңға 50 жыл», «90 жыл Сандықтау ауданы» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.