УЙСИМБАЕВ УМЕРБЕК ХАМЕТОВИЧ

УЙСИМБАЕВ УМЕРБЕК ХАМЕТОВИЧ

1949 жылы 5 қаңтарда Балқаш ауданы Жыланды ауылында дүниеге келген.

 1976 жылдан 1980 жылға дейін Камен совхозында бас агроном болып жұмыс істейді. 1980 жылдан 1987 жылға дейін Белгород совхозының директоры. 1987 жылы Өмірбек Хаметұлы Балқаш аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметіне ауыстырылды. 1989 жылдан 1994 жылға дейін Целиноград облыстық халық депутаттар Кеңесінің депутаты болып сайланды, Қазақстан Целинград облыстық партия комитетінің мүшесі болды. 1992 жылдан - Балқаш ауданы әкімінің орынбасары, ал 1997 жылдан - "Азат" ЖШС директоры, "Агроцентр Астана"ауыл шаруашылық басқармасының бастығы. 2004 жылдан бастап Сандықтау ауданының жер қатынастары бөлімін басқарды.

Тың жерлерді игерудің 30 жылдығына орай  "Тың жерлерді игергені үшін"  төсбелгісімен,  "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл"  мерейтойлық медалімен, көптеген грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталған. 2009 жылы  "Сандықтау ауданының Құрметті азаматы" атағына ие болды.

 

Дата публикации
31 января 2025