ДАВЫДЧЕНКО НИКОЛАЙ АНДРЕЕВИЧ
1965 жылы Сандықтау совхозында агроном болып жұмыс істеді. 1966 жылы осы совхозға директор болып тағайындалды. Оның бастамасы бойынша апта сайын сүт сауу нәтижелері шығарылып, ең жақсы сауыншы 15 рубль көлемінде сыйақы алды.
Ауылда көркем өнерпаздықты ұйымдастырды, ол тек ауданда ғана емес, облыста да үлкен жетістікке жетті: оларды концерттерімен облыс орталығына Целиноград қаласына шақырды.
Еңбек ардагері. "Құрмет Белгісі", "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен марапатталған, КСРО-ның 6 медалінің иегері.