«Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.
2. Сандықтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 28/5 «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
3. «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі әділет органдарында заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Сандықтау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сандықтау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы А.Н. Ким жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.