Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 16/3 «Сандықтау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған үлгілік жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 16/3 «Сандықтау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған үлгілік жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының «Сандықтау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған үлгілік жоспарды бекіту туралы» 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 16/3 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Сандықтау ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы»;

аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 бұйрығына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Сандықтау ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.»;

көрсетілген шешіммен бекітілген жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сандықтау аудандық

мәслихатының төрайымы                                                        Г. Мұстафина

 

 

Дата публикации
24 августа 2026