Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 мамырдағы № 1/8 «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан консультативтік-кеңесші орган құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 мамырдағы № 1/8 «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан консультативтік-кеңесші орган құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, кадрлық өзгерістерді ескере отырып, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету

шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдардың жанынан консультативтік-кеңесші орган құру туралы»  Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 мамырдағы №12/8 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

осы шешіммен бекітілген консультативтік – кеңесші органның құрамына Балмұханов Алмас Айтмұхамедұлы – Сандықтау ауданы пробация қызметінің бастығы, консультативтік – кеңесші органы төрағасының орынбасары енгізілсін;

косультативтік – кеңесші органның құрамынан Е.Б.Бекішев шығарылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сандықтау аудандық

мәслихатының төрайымы                                                                 Г.Мұстафина

 

Дата публикации
24 августа 2026