2025 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы

 

2025 жылғы аудан бюджетінің

атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы

 

 

Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. 2025 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы ұсынылған жылдық есеп келесі көлемде бекітілсін:

         1) кірістер – 3 951 588,8 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 1 284 457,2 мың теңге; 

         салықтық емес түсімдер – 43 479,8 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 31 493,2 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 2 592 158,7 мың теңге;

         2) ) шығындар – 3 632 780,9 мың теңге;

         3) таза бюджеттік  кредиттеу – 7 590,1 мың теңге, оның ішінде:

         бюджеттік кредиттер – 37 354,0 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 29 763,9 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – -29 620,6 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер- 29 620,6 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 340 838,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -340 838,4 мың теңге;

бюджеттік қаражаттардың қалдығы – 422 060,8 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы бойынша Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі бекітілсін.
  2. Аудан бюджетінің атқарылуы бойынша жұмыстың жақсару мақсатында:

ҰСЫНЫЛСЫН:

  1. Ауылдық округтердің әкімдері мен бюджеттік бағдарламалрдың әкімшілері:

әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға ең жақсы және тиімді қол жеткізу қажеттілігіне сүйене отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету;

тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу, сондай-ақ көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру бойынша бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейту.

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және Мемлекеттік кірістер басқармасы (келісім бойынша) кірістер мен шығыстарды жоспарлау сапасын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға, бюджетке бересіні азайтуға және жоюға бағытталған шараларды қабылдасын.
  2. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының төрайымы

 

                            Г. Мұстафина

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 августа 2026