Сандықтау аудандық мәслихатының 2025 жылғы
19 желтоқсандағы № 27/1 «2026-2028 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 2 197 636,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 625 295,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 19 175,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11 691,8 мың теңге;
трансферттер түсімі – 541 473,4 мың теңге;
2) шығындар – 2 583 828,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 8 029,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттiк кредиттер – 30 275,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 22 246,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 394 220,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 394 220,9 мың теңге.»;
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1, 5, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
|
Аудандық мәслихатының төрайымы |
Г. Мұстафина |