GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Мәслихат туралы
Все материалы
Құттықтау
12 октября 2026
Самар аграрлық-техникалық колледжінде Мұғалімдер күні аталып өтті

Самар аграрлық-техникалық колледжінде Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Самар ауданы мәслихатының төрағасы Г. Шаймарданова педагогикалық ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, колледж қызметкерлеріне адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамоталарын табыстады.

Бейнероликті төмендегі сілтеме арқылы көруге болады: https://www.instagram.com/reel/DeMlVrWsSx6/?utm_source=ig_web_copy_link&mdxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA== 

Құттықтау
12 октября 2026
«ҰСТАЗ — ҰЛЫ ЕСІМ, ҰЛАҒАТТЫ ЖОЛ»

«ҰСТАЗ — ҰЛЫ ЕСІМ, ҰЛАҒАТТЫ ЖОЛ»

Самар ауданында Мұғалімдер күніне орай «Ұстаз — ұлы есім, ұлағатты жол» атты салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға білім саласының қызметкерлері, ардагер ұстаздар мен құрметті қонақтар қатысты.

Самар ауданы мәслихатының төрағасы Г. Шаймарданова ұстаздарға адал еңбегі мен білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамоталарын табыстады. 🏆

 

Құттықтау
12 октября 2026
ҚАРТТАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.

Қарттар мерекесіне орай тыл еңбеккері, ел тарихының тағылымды кезеңдерінің куәгері Каланчина Валентина Андреевнаға құрмет көрсетілді. Ардагерді мәслихат төрағасы Г. Шаймарданова және партия төрағасы А. Отаршина арнайы барып, мерекемен құттықтады. Кездесу барысында Валентина Андреевнаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық және береке-бірлік тілектерін білдірді. Тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегі мен ел дамуына қосқан үлесі – кейінгі ұрпақ үшін өнеге. Аға буынға құрмет көрсету, олардың өмір жолын дәріптеу – қоғамның маңызды құндылықтарының бірі. Қариясы бар елдің – қазынасы бар. Аға ұрпаққа көрсетілген құрмет – елге деген құрмет.

29 сентября 2026
Самар ауданы мәслихатының 35-ші кезекті сессиясы

Самар ауданы мәслихатының 35-ші кезекті сессиясы

2026 жылғы 29 қыркүйекте Самар ауданы мәслихатының VIII шақырылымының 35-ші кезекті сессиясы өтті.

Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары және шақырылған тұлғалар қатысты.

Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды. Негізгі назар Самар ауданының әкімі С.Ж. Жеңісовтің және Мариногорка ауылдық округінің әкімі Ж.Б. Ережеповтің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептеріне аударылды.

Сондай-ақ мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі қаралды.

Бұдан бөлек, 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды дайындау қорытындылары туралы ақпарат ұсынылды.

Самар ауданы мәслихатының төрағасы Г.К. Шаймарданова атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Самар ауданы мәслихатының 35-ші кезекті сессиясының өту барысын мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.https://www.facebook.com/share/v/14pyCqvbo4r/ 

 

 

Мәслихаттың тұрақты комиссиялары
29 сентября 2026
Самар ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

2026 жылғы 29 қыркүйекте  Самар ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Күн тәртібі:

 

  1. Самар ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. Самар ауданының әкімі С.Ж.Жеңісов.
    2. Мариногорка ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. Мариногорка ауылдық округінің әкімі Ж.Б. Ережепов.
    3. Халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм, мәдениет және спорт, депутаттық өкiлеттiктер, әдеп және заңдылық мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияның есебі. Д.М. Мергенчинов – тұрақты комиссияның төрағасы.
    4. Әлеуметтік-мәдени нысандарды 2026-2027 жылғы жылу беру маусымына дайындау қорытындылары туралы ақпарат. Самар ауданының сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т.Ш. Екибасов.
    5. Самар ауданы мәслихат төрағасының есебі. Г.Қ. Шаймарданова – Самар ауданы мәслихатының төрағасы.
    6. Әртүрлі мәселелер.
    1. Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын жаңа редакцияда бекіту туралы                                                                                                                                                                                                                            Отырыс барысында күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша әрбір мәселе бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Ауданның қоғамдық кеңесі
18 сентября 2026
Қоғамдық қабылдау

«Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында Самар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н. Исенов көпбалалы аналармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Кездесу барысында көпбалалы отбасыларды қолдау, әлеуметтік мәселелерді шешу және азаматтардың ұсыныс-тілектерін қарау мәселелері талқыланды.

Қоғамдық қабылдау барысында көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
#Әділеттіқазақстан
#Әділетпартиясы
#ҚазақстанБалалары #СамарАуданы #ҚоғамдықҚабылдау КөпбалалыАналар

Депутаттық қызмет
18 сентября 2026
«Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында қоғамдық қабылдау өтті

«Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында қоғамдық қабылдау өтті

Самар аудандық «Әділет» партиясы филиалында «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдауға мәслихат төрағасы Г. Шаймарданова қатысып, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Кездесу барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау көрсету және отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері талқыланды.

Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер мен кеңестер алды.

Мұндай кездесулер тұрғындармен ашық диалог орнатуға, өзекті мәселелерді тікелей талқылауға және оларды шешу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның ортақ міндеті.
#Әділетті#Қазақстан
#Әділетпартиясы

18 сентября 2026
Самар ауданының депутаттары мен тұрғындардың назарына!

Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті отыз бесінші сессиясы 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 11:00-де, Самар ауданы әкімдігі ғимаратында (Самар ауылы, Горохов көшесі, № 58) өтеді.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 10:45-тен басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1.                      Самар ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. Самар ауданының әкімі С.Ж.Жеңісов.

  1. Мариногорка ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. Мариногорка ауылдық округінің әкімі Ж.Б. Ережепов.

3.                      Халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм, мәдениет және спорт, депутаттық өкiлеттiктер, әдеп және заңдылық мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияның есебі.  Д.М. Мергенчинов – тұрақты комиссияның төрағасы.

  1. Әлеуметтік-мәдени нысандарды 2026-2027 жылғы жылу беру маусымына дайындау қорытындылары туралы ақпарат. Самар ауданының сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т.Ш. Екибасов.

5.                      Самар ауданы мәслихат төрағасының есебі.  Г.Қ. Шаймарданова – Самар ауданы мәслихатының төрағасы.

  1. Әртүрлі мәселелер.

Тұрақты комиссиялардың отырысы 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 9:00-де Самар ауданы әкімдігі ғимаратында (Самар ауылы, Горохов көшесі, № 58) өтеді.

Төменде сессияның онлайн трансляциясын көруге арналған сілтеме берілген

https://www.facebook.com/share/1NkG2Nnayt/ 

 

14 сентября 2026
«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны

Самар ауданы мәслихатының аппаратында «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлерге марафонның мақсаты, міндеттері және қатысу тәртібі түсіндіріліп, жобаға белсенді қатысу ұсынылды.

18 августа 2026
Самар ауданы мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясы өтті

Самар ауданы мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясы өтті

2026 жылғы 18 тамызда Самар ауданы мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс 34-сессиясы өтті.

Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, Самар ауданының әкімі С. Жеңісов, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары және шақырылған тұлғалар қатысты.

Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды. Негізгі назар Самар ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 26-2/VIII «2026–2028 жылдарға арналған Самар ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне, сондай-ақ 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 27-2/VIII «2026–2028 жылдарға арналған Самар ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселелеріне аударылды.

«Әр түрлі мәселелер» бөлімінде «Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту, сондай-ақ Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының тұрақты комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.

Мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша депутаттар қаралған ұсыныстарды бірауыздан қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.

Самар ауданы мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясының өту барысын төмендегі сілтеме арқылы мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан көре аласыздар.

https://www.facebook.com/share/v/1DGdvRJyU2/

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы