
Құрметті ұлағатты ұстаздар, білім беру саласының қызметкерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері!
Сіздерді төл мерекелеріңіз - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Ұстаз болу –ұлағатты іс» дегендей, ұстаздың миссиясы өте жауапты және асыл. Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, шәкірті үшін мәңгілікке адамгершілік үлгісі болып қалады! Әрбір ұстаздың еңбегі – ұлт болашағының мықты іргетасы.
Шәкірттеріңіздің жетістіктері – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Осы мерекеде сіздерге шексіз алғыс айта отырып, өмірлеріңіз әрқашан шаттыққа, қуанышқа, бақытқа толы болсын деп тілеймін!
Самар ауданы мәслихатының төрағасы Г.Шаймарданова