Сессия жұмысына депутаттар , аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияда келесі мәселе қаралды:
- Самар ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. Ж.Т. Майкенов– Самар ауданы әкімінің м.а.
- Экономикалық реформалар, бюджет, кәсіпкерлік, агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссияның есебі. К.М. Мамбетов – тұрақты комиссияның төрағасы.
- Әлеуметтік-мәдени нысандарды 2024-2025 жылғы жылу беру маусымына дайындау қорытындылары туралы ақпарат. Б.А. Сахметжанов - сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
- ӘР ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР: 1)«2024 - 2026 жылдарға арналған Самар ауданының аудандық бюджеті туралы» Самар ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 9-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2) Самар ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы; 3) Самар ауданы бойынша жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы.
Талқылаудан кейін шешімдер бірауыздан қабылданды.
Сессияның өту барысын төмендегі сілтеме бойынша Facebook сайтынан көрулеріңізге болады.
https://www.facebook.com/share/v/kJzdErHUMSDL3HMp/?mibextid=oFDknk