Құрметті жерлестер!
2024 жылғы 27 тамызда Самар ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті.
Бірлескен комиссия отырысында талқыланған сұрақтар:
- «Жалпы білім беретін мектептердің жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындық барысы туралы» Самар ауданы білім бөлімінің басшысы Р. К. Закирьянованың баяндамасы;
- «Самар ауданында пошталық, қаржылық және өзге де қызметтер кешенін көрсету және пошта қызметін жүзеге асырылу тәртібі мен сапасы туралы» Самар АҚПБ басшысы м.а. С.А. Буленбаева баяндамасы
- «Самар ауданында бруцеллез бойынша эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдай туралы»; Баяндамашы: Самар ауданы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының м.а. Б. Сериков, «Самар-вет» ШЖҚ КМК директоры К.Қ Терин, Самар ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының м.а. Д. Бауыржанов.
Депутаттар тиісті сұрақ қойып, жауаптарын алды. Отырыс нәтижесінде ұсыныстар жасалып, тиісті қаулы қабылданды.