Самар ауданының депутаттары мен тұрғындардың назарына!

Самар ауданының депутаттары мен тұрғындардың назарына!

Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті он екінші сессиясы 2024 жылғы 5 маусымда сағат 12:00-де, Самар ауданы әкімдігі ғимаратында (Самар ауылы, Горохов көшесі, № 58) өтеді.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 11:30-дан басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы Самар аудандық білім бөлімі басшысының есебі. (Р.К. Закирьянова – Самар ауданы білім бөлімінің басшысы).
  2. Самар ауданында автомобиль жолдарын күтіп ұстау, жөндеу және көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы.    (Б.А. Сахметжанов - сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы).
  3. Самар ауданында «Ауыл-Аманаты» жобасының орындалу барысы туралы. (Б. Абылғазыұлы – Самар ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы).
  4. Әртүрлі мәселелер.

 

Тұрақты комиссиялардың отырысы 2024 жылғы 5 маусымда сағат 9:00-де Самар ауданы әкімдігі ғимаратында (Самар ауылы, Горохов көшесі, № 58) өтеді.