ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ!

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ!

 Ауданымыздың барша тұрғындарын Қазақстан халқының 1 мамыр бірлік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн - әрбір Қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау - Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Достық пен келісім, мақсатымыздың бірлігі - отанымыздың жарқын болашағының кепілі.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!

Қазақстан шаңырағы астында бейбітшілік пен бірлік мәңгі жасасын!