Комиссия отырысына Самар ауданының мәслихатының 2023 жылдың 25 желтоқсанындағы
№ 8/2-VIII шешімімен бекітілген 7 комиссия мүшелері,:Курмангалиева Айгуль Мукатаевна, Чкартова Айгуль Камигожановна, Сафарова Азиза Мунирқызы, Акранов Ришат Аскарович, Карымбаева Шамшинур Мухтаровна, Ракишев Азамат Даулетказыулы, Нурпейсова Гульсара Ануарбековна қатысты.
Аумақтық сайлау комиссия отырысының күн тәртібінде Самар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын, төраға орынбасарын және хатшысын сайлау туралы, комиссия мүшелерінің өкілеттіктерді кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыруы туралы, Самар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері арасында лауазымдық өкілеттіктерді бөлу туралы мәселелері қаралды.
Комиссия мүшелерінің дауыс беруінің нәтижесінде комиссия төрағасы лауазымына Курмангалиева Айгуль Мукатаевна, төрағаның орынбасары - Чкартова Айгуль Камигожановна, комиссия хатшысы - Сафарова Азиза Мунирқызы сайланды.