Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (әрі қарай – сайлау туралы Конституциялық заң) талаптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылды.
Құрылған сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасында сайлауды дайындау және өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары болып табылады. Сайлау комиссияларының уәкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Самар ауданы мәслихатының сессиясында 27 сайлау комиссияларында 189 мүше сайланды, олардың: аумақтық - 1, учаскелік – 26.
27 сайлау комиссияларының жаңа құрамына жеті саяси партияның ұсыныстары бойынша сайлау комиссияларының 189 мүшесі сайланды немесе жалпы сайланушылар мүшелерінің жалпы санынан 100 % құрайды.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 10 және 20 баптарында белгіленген тәртіп пен мерзімде сайлау комиссиясының отырысында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрағаның орынбасарлары және хатшылар сайланды.
Сіздің назарыңызға Самар ауданының сайлау комиссияларының жаңа құрамы мен орналасқан орны туралы мәліметтерді жолдаймыз.
Самар ауданы мәслихатының «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/VIІІ шешім