
2023 жылғы 12 қарашада Самар ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті:
Күн тәртібінде :
1.Самар аудандық Достық үйі мекемесінде жыл бойы атқарылған жұмыс туралы ақпарат
Н.Манкей-«Достық үйі» КММ нің директоры
2.Аудандық жастар ресурсы орталығының жыл көлемінде атқарылған жұмысы туралы ақпарат
Е.Сауық - Самар аудандық «Жастар ресурсы орталығы» КММ нің директоры
3 Қоғамдық кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары тыңдалып, бекітілді
Отырыста күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Достық үйінің директоры Н Манкей ауданымызда қанша ұлт өкілдері тұратынын ,қанша пайыз құрайтынын атап айтты. Достық үйі құрылғаннан бері әр ұлт өкілдері арасында бірлік , татулықтарын нығайтуда өткізілген іс-шаралар туралы баяндап,келесі яғни 2024 жылдың жоспапарымен таныстырды.
Екінші мәселе бойынша Жастар ресурсы орталығының директоры Е.Сауық жыл бойы аудан жастарының патриоттық рухтағы сезімімін дамыту мақсатында өткізілген кездесулер,сайыстар мен іс-шаралар туралы баяндады
Отырыс барысында кеңес мүшелері талқыланған мәселелердің қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар жасады.
12 ноября 2023 года состоялось очередное заседание Общественного совета района Самар: