Самар ауданы мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

Самар ауданы мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

Самар ауданы мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

 2023 жылғы 28 қарашада сағат 16.00-де, Самар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында (Самар ауылы, Горохов көшесі, № 58) Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс жетінші сессиясы өтеді.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 15.30-дан басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған Самар ауданының аудандық бюджеті туралы»  № 8-2/VΙΙ шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  2. «Самар ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы».
  3. «Аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 19 қазандағы № 2-5/VΙΙ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Самар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы.
  5. Әртүрлі мәселелер.

Тұрақты комиссиялардың отырысы 2023 жылғы 28 қарашада сағат 14.30-да Самар ауданы мәслихатында өтеді.

                                                                       Самар ауданы мәслихатының аппараты