Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының сайлау  комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы  ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының сайлау

комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының мәслихаты аудандық аумақтық сайлау және 26 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыратыны туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2023 жылғы  8 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

5) Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында (аумақтық сайлау комиссияларына кандидаттар үшін) «сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесінде Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы сертификат.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.   

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты  болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.        

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 9 қарашадан бастап 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін жүзеге асырылады.

  Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының мәслихаты

 

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының төрағасы -  Гульнар Касымжомартовна Шаймарданова

Мәслихаттың орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы,  Горохов көшесі, 58 үй.

Жауапты адам – Гульсара Ануарбековна Нурпейсова, каб. № 205, қалааралық телефон коды (872333), қызметтік 31-739, ұялы телефон нөмірі 87051351099, электрондық пошта мекенжайы g.nurpeisova@akimvko.gov.kz

Самар ауданының мәслихаты Самар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының және 26 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

№

Комиссияның атауы

Объектінің (орналастыру үй-жайының атауы)

Комиссияның орналасқан жерінің мекенжайы

комиссия мүшелерінің саны

 

Елді мекен

Көше

Үй

1

Самар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Самар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Бос уақыт орталығы» КМКҚ жанындағы Иван Федосов атындағы мәдениет үйі

Самар ауылы

Букетов тұйық көшесі

68

7

Учаскелік сайлау комиссиялары - 26

№

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау учаскесінің мекенжайы

Комиссия мүшелерінің саны

 

Елді мекен

Көше

Үй

 

1

2

3

4

5

6

        7

1

820

Самар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Бос уақыт орталығы» КМКҚ жанындағы Иван Федосов атындағы мәдениет үйі

Самар ауылы

Букетов тұйық көшесі

68 

        7

2

821

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ

Самар ауылы

Горохов

55 

        7

3

822

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» КММ

 Самар ауылы

 Самарға-100 жыл

142 

        7

4

1182

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Самар №1 орта мектебі» КММ

 Самар ауылы

Мир

14

        7

5

1183

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Самар аграрлық-техникалық колледжі» КММ

 Самар ауылы

Горохов

70 

        7

6

1184

«Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Самар ауылы

 Самарға-100 жыл

149 

        7

7

823

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Пантелеймоновка негізгі мектебі» КММ

 

 Шұбаркайың ауылы

Достық 

5 

        7

8

824

«Самар орман шаруашылығы» КММ

Қайыңды ауылы

 -

- 

        7

9

825

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Миролюбовка орта мектебі» КММ

Миролюбовка ауылы

Асламов

43 

        7

10

826

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Раздольное негізгі мектебі» КММ

Раздольное ауылы

Бейбітшілік 

 59А

        7

11

827

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Сергей Седнев атындағы негізгі мектебі» КММ

Палатцы ауылы

Советская

15А

        7

12

829

Ауылдық клуб ғимараты

Подгорное ауылы

Фонов

4

        7

13

830

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаракол негізгі мектебі» КММ

 

Қаракол ауылы

Коммунаров

2А

        7

14

831

Ауылдық клуб ғимараты

Сарыбел ауылы

Ыбырай Алтынсарин

11

        7

15

832

"Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМКҚ

Новостройка ауылы

Алтай

5

        7

16

833

Ауылдық клуб ғимараты

Құлынжон ауылы

Гагарин

24

        7

17

834

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Амангелді орта мектебі» КММ

Көкжыра ауылы

Ыбырай Алтынсарин

6

        7

18

835

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің  «Абай атындағы орта мектебі» КММ

Бастаушы ауылы

Абай

4

        7

19

836

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Көкжота орта мектебі» КММ

Көкжота ауылы

Жұбандық Болғанбаев

 

34

        7

20

837

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Мариногорка орта мектебі» КММ

Мариногорка ауылы

Абай

65

        7

21

838

«Балауса – Көкпекті» балалар спорттық - сауықтыру лагері

Мойылды ауылы

Центральная

9

        7

22

839

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Жұмба негізгі мектебі» КММ

Жұмба

ауылы

Школьная

24

        7

23

840

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ

Аққала ауылы

Абай

46А

        7

24

841

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңажол бастауыш шағын жинақты мектебі» КММ

Жаңажол ауылы

Атамекен

15

        7

25

842

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Қараөткел негізгі мектебі» КММ

Қараөткел ауылы

Абай

12

        7

26

843

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Самар ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК медициналық пункті

Қойтас     ауылы

Абай

4

        7

Өтініш үлгілері

Қосымша 4

Самар ауданының мәслихаты