29/09/2023 2023 жылғы Самар  аудандық мәслихатының кезекті 6 сессиясының отырысы өтті.

29/09/2023 2023 жылғы Самар  аудандық мәслихатының кезекті 6 сессиясының отырысы өтті.

2023 жылғы 29 қыркүйекте Самар  аудандық мәслихатының кезекті                     6 сессиясының отырысы өтті.

Сессия жұмысына 8 депутат, Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық басқармалар мен дербес бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

  1. Самар ауданының жер қатынастар бөлімі басшысының аудан аумағында жер қатынастарын реттеу саласында жүргізілген жұмыстары туралы есебі.
  2. Самар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының аудандағы дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы есебі.
  3. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.
  4. Әртүрлі мәселелер: 

        1) Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы маслихатының 2022 жылғы  9 желтоқсандағы № 7-5/VII  шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

        2) Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

        3) Самар ауданының 2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.

         Самар ауданында  жер қатынастарын реттеу саласында жүргізілген жұмыстары туралы аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының м.а. Р.Т.Татманова,  аудандағы дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы  аудандық  ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміның бас маманы М.А.Кельгерун  есеп берді. Самар аудандық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі А.Б. Отаршина есептік мерзімде комиссияның атқарған жұмысы туралы баяндады. Самар ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.А. Керейбаев 2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтерінің бюджеттері туралы баяндады. Кадрлық өзгерістерге және комиссияның кейбір мүшелерінің лауазымдарының өзгеруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және терроризмге қарсы комиссияның құрамы қайта бекітілді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=882842059864033&id=100093616427286&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f

Талқылаудан кейін шешім бірауыздан қабылданды