Білім күнімен

Білім күнімен

 

Құрметті балалар, оқушылар,  студенттер!

Құрметті ұстаздар және ата-аналар!

 

Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтауымды қабыл алыңыздар.

1 қыркүйек - бұл біздің балаларымыздың, әсіресе бірінші сынып оқушыларының өміріндегі тамаша күн, олар үшін өте маңызды кезең басталады. Олардың жетістіктері ата-аналардың да, мұғалімдердің де мақтанышына айналатынына сенімдімін. Ал жоғары сынып оқушылары - түлектер үшін мамандық таңдауда және одан әрі өмір жолында айқындаушы болатын жыл басталады.

Құрметті ұстаздар, қазіргі қоғамның маңызды құндылықтары - оның азаматтарының білімі, олардың шығармашылық қызметке қабілеттілігі болды. Біздің балалар алатын білім сапасы көбінесе сіздің кәсібилігіңізге және қажырлы еңбегіңізге байланысты.

Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылында тамаша көңіл-күй, қызықты және жемісті жұмыс, шығармашылық табыс және қойылған мақсаттарға қол жеткізулеріңізге тілектестігімді білдіремін!

 

Самар  ауданы мәслихатының төрағасы                                                                             Г. Шаймарданова