Бүгін Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының 4 кезекті сессиясы өтті.

Бүгін Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының 4 кезекті сессиясы өтті.

Сессияға депутаттардың 100 % қатысты. Сессия жұмысына Самар ауданы әкімінің орынбасары Әбуғали Р.Т., бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессия  Facebook әлеуметтік желі арқылы тікелей таратылды, сілтеме:

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1973301116362082&id=100093616427286&mibextid=Nif5oz

Сессияда келесі мәселелер қаралды: 

  1. Самар ауданы әкімі аппараты басшысының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі есебі.

Ақпарат беруші Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы Карагызов Азамат Қожабекұлы.

  1. Экономикалық реформалар, бюджет, кәсіпкерлік, АӨК, экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ТКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Ақпарат беруші тұрақты комиссияның төрағасы Мәмбетов Қанат Мырзабекұлы.

  1. Әртүрлі мәселелер

        1) Самар ауданы әкімдігінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынылатын тұлғалардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы.

        2) Самар ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.

        3) Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2022 жылғы          19 қазандағы «Аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы»  № 2-5/VΙΙ шешіміне толықтырулар енгізу туралы.

          Күн тәртібіндегі барлық мәселелер ойынша шешімдер бірауыздан қабылданды.