Самар аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыс 3 сессиясы.

Самар аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыс 3 сессиясы.

Бүгін Самар аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыс 3 сессиясы өтті.

Күн тәртібінде Самар ауданының әкімі лауазымына кандидатураны тағайындауды келісу мәселесі тұрды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы Алмасхан Бауржанұлы Сматлаев, Самар ауданы әкіміне Нұрлан Мұхтарұлы Махамбетовті тағайындау туралы ұсыныс жасады.

Депутаттар Самар ауданы әкімі лауазымына Н.М. Махамбетовты тағайындауға бірауыздан келісім берді.

Нұрлан Мұхтарұлы барлық қатысушыларға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, депутаттарға бірлескен жұмыста сәттілік тіледі.