
2023 жылғы 30 наурызда Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының бірінші сессиясы өткізілді.
Сессия жұмысына 9 депутат, Самар ауданының әкімі Раджан Кайрканұлы Сейтканов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, ауданның дербес бөлімдерінің басшылары, құқық қорғау органдарының және БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
Сегізінші шақырылған аудандық мәслихатының бірінші сессиясын Самар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгуль Мукатаевна Курмангалиева ашты. Ол өткен сайлаудың қорытындылары туралы хабарлады. Самар ауданы мәслихатының жаңадан сайланған депутаттарын құттықтап, депутаттарға депутаттық куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.
Депутаттардың бірауыздан шешімімен Гульнар Касымжомартовна Шаймарданова мәслихат төрағасы болып сайланды.
Мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша 2 тұрақты комиссия құрылды:
- экономикалық реформалар, бюджет, кәсіпкерлік қызмет, АӨК, экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және ТКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы, құрамында 4 депутат;
- халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы, құрамында 5 депутат.
Аталған комиссиялардың төрағалары сайланды.
Мәселелер талқыланып болған соң, тиісті шешімдер бірауыздан қабылданды.
«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Самар ауданы филиалының төрағасы А.Б. Отаршина «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Самар ауданы филиалының Саяси кеңесінің бюро отырысы өткендігін, оның шешімі бойынша «AMANAT» партиясының фракциясы құрылғанын және фракция құрамына 8 депутат кіргендігін хабарлады.