2023 жылғы 16 қаңтарда Самар ауданы мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы өтті.

2023 жылғы 16 қаңтарда Самар ауданы мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Самар ауданы әкімінің орынбасары Д.М. Ордаханов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен округ әкімдері қатысты.

Кезектен тыс тоғызыншы сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер қойылды:

 

  1. Самар ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
  2. Самар ауданы мәслихатының "Самар ауданы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы" 2022 жылғы 26 шілдедегі № 5-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Самар ауданы мәслихатының "Самар ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы" 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 6-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Әртүрлі мәселелер:

                 

«Самар ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі  округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10, 19-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына, Самар аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес, №1, №2, №3, №4, №5, №6, №7, №8, №9, №10 округтік сайлау комиссияларының құрамы  сайланды. Жаңадан сайланған комиссияларға олар құрылған күннен бастап жеті күннен кешіктірмей өздерінің бірінші отырысын өткізу ұсынылды. «Самар ауданы мәслихатының "Самар ауданы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы" 2022 жылғы 26 шілдедегі № 5-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Самар ауданы мәслихатының "Самар ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы" 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 6-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер бойынша жаңа            № 1182, № 1183, № 1184 учаскелік сайлау комиссияларының құрамы сондай-ақ аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелері сайланды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына сәйкес жүргізіліп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкес, «мәслихат хатшысы» «мәслихат төрағасы» болып ауыстырылуына байланысты аудандық мәслихаттың бұрын қабылданған шешімдеріне  бірқатар өзгерістер енгізілді

Талқылаудан кейін барлық шешімдер бірауыздан қабылданды.