Самар ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ШҚО Самар ауданы мәслихатының хабарламасы

Самар ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ШҚО Самар ауданы мәслихатының хабарламасы

Соңғы жаңалықтар

ШҚО Самар ауданы мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес ШҚО Самар ауданы  мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін тиісті мәслихаттар саяси партиялардың ұсыныстары негізінде сайлайды.

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. 

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.          

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 28 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады: 

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе оның филиалдарының (өкілдіктерінің),  жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе оның филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің,  кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтінішінің нысандары төменде орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс. 

Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы, Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында қарастырылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар кіре алмайды (ата-аналары, балалары, ұл асырап алушылар (қыз асырап алушылар), асырып алған ұлдары (асырап алған қыздары), туған және туған емес аға-інілері мен әпке-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (жұбайы).

Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстар 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Самар ауданының мәслихаты

 

Шаймарданова Гульнар Касымжомартовна – Самар ауданы мәслихатының хатшысы.

 

Мәслихаттың орналасқан жері: ҚР, ШҚО, Самар ауданы, Самар ауылы, Горохов көшесі, 58 үй, 1-қабат.

 

Жауапты тұлға: Нурпейсова Гульсара Ануарбековна, қалааралық телефон коды (87233331906), ұялы телефон 87051351099, электрондық пошта мекенжайы: : g.nurpeisova@akimvko.gov.kz.

 

ШҚО Самар ауданының мәслихаты 10 округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

№ р/б

Сайлау округінің нөмірі

 

Сайлау учаскелері кіреді

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

 

Округтік сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

5

1.

1

№ 820

Самар ауданы, Самар ауылы, Букетов тұйық көшесі, Самар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Бос уақыт орталығы" КМҚК жанындағы Иван Федосов атындағы мәдениет үйінің ғимараты

 

5

2

2

№1182

Самар ауданы, Самар ауылы, Мира көшесі, 14. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Самар №1 орта мектебі» КММ ғимараты

 

5

3

3

№821

Самар ауданы, Самар ауылы, Горохов көшесі, 55. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ ғимараты

   

5

4

4

№1183

Самар ауданы, Самар ауылы, Горохов көшесі, № 70:, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Самар аграрлық-техникалық колледжі» КММ ғимараты

 

5

5

5

№822

Самар ауданы, Самар ауылы, Асламов көшесі, № 18, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Самар бастауыш мектебі» КММ ғимараты

     

5

6

6

№1184

№823

№824

№825

№826

Самар ауданы, Самар ауылы, Самарға 100 жыл көшесі, № 149:, «Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының орталықтандырылған кітапхана» КММ ғимараты

 

5

7

7

№827

№829

№830

№837

Самар ауданы, Палатцы ауылы, Советская көшесі, № 15 А, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Сергей Седнев атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

 

5

8

8

№831

№832

№835

Самар ауданы, Бастаушы ауылы, Абай көшесі, № 4, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің  «Абай атындағы орта мектебі» КММ ғимараты

 

5

9

9

№833

№834

№836

Самар ауданы, Құлынжон ауылы, Гагарин көшесі, № 24, ауылдық клуб ғимараты

 

5

10

10

№838

№839

№840

№841

№842

№843

Самар ауданы, Аққала ауылы, Абай көшесі, № 46А, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ ғимараты

 

5

Қосымша

Қосымша2