Самар ауданының депутаттары мен тұрғындардың назарына!
Самар ауданы мәслихатының жетінші шақырылымының сегізінші сессиясы 2022 жылғы 28 желтоқсанда сағат 9.00-де, Мәдениет үйі ғимаратында (Самар ауылы, Букетов көшесі, № 68) өтеді. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 8.30-дан басталады.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
- Самар ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы
- Самар ауданы мәслихаты хатшысының есебі.
- Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутаттық өкілеттік, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
- Экономикалық реформалар, бюджет, кәсіпкерлік, агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
- Әртүрлі мәселелер.
Тұрақты комиссияның отырысы 2022 жылғы 27 желтоқсанда сағат 16.00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.