
2022 жылғы 9 желтоқсанда Самар ауданы мәслихатының кезектен тыс жетінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Самар ауданы әкімінің орынбасары Д.М. Ордаханов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері қатысты.
2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округтер бюджеттерін нақтылау туралы аудан әкімінің орынбасары Самар Д.М. Ордаханов баяндады. 2022 жылға арналған бюджеттердің параметрлерін нақтылау үшін негіз болды: бюджеттік бағдарламалардың аудандық әкімшілері бойынша шығыстар лимиттерін нақтылау; бюджеттің 4 деңгейіне аудандық бюджеттен трансферттер көлемін өзгерту; қаражаттың қалыптасқан үнемдеуін алу негіз болып табылады; аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы отырысымен аудандық бюджет трансферттерін нақтылау және өз бюджеттерінің кіріс бөлігінің асыра орындалуына немесе орындалмауына байланысты дербес бюджеттің 4 деңгейінің шығыс және кіріс бөлігін нақтылау.
Самар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 19 қазандағы № 2-2 «Самар ауданының 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша Самар ауданы әкімінің орынбасары Д.М.Ордаханов Самар ауылы мен 8 ауылдық округінің бюджеттерін жоспарлы қаражаттың бар үнемдеуін қайта бөлу арқылы нақтылау туралы хабардар етті.
«Самар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәселе бойынша Самар ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы бекітілді.
«Самар ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» мәселе бойынша Самар ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның жеке құрамы бекітілді.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ұсыну туралы» мәселе бойынша «АМАНАТ» партиясының Самар аудандық мәслихаты жанындағы депутаттық фракциясының жетекшісі Қ.М Мәмбетов Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтовты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынды.
«Самар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 6-2 «Самар ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 19-бабының 6-тармағына және Самар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының «Самар ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулысына сәйкес, Самар ауданының учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің 9 мүшесін өз еркімен босату туралы өтініш беруіне байланысты өз міндеттерінен босатылды.
Барлық қаралған мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.