Самар ауданы мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс жетінші сессиясы 2022 жылғы 08 желтоқсанда сағат 15.00-де, аудандық әкімдік ғимаратында (Самар ауылы, Горохов көшесі, 58) өтеді. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 14.30-дан басталады.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
- Самар ауданының 2022 жылғы бюджетін нақтылау туралы.
- Самар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 19 қазандағы № 2-2 «Самар ауданының 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- ШҚО Самар ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
- ШҚО Самар ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
- «Самар ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы.
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатына кандидат ұсыну туралы
- Әртүрлі мәселелер