
Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті жиырма алтыншы сессиясы 2025 жылғы 18 желтоқсанда сағат 11:00-де, Самар ауданы әкімдігі ғимаратында (Самар ауылы, Горохов көшесі, № 58) өтеді.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 10:30-дан басталады.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
1. 2026-2028 жылдарға арналған Самар ауданының аудандық бюджеті туралы.
2. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутаттық өкілеттік, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
3. Әртүрлі мәселелер.
Тұрақты комиссиялардың отырысы 2025 жылғы 18 желтоқсанда сағат 9:00-де Самар ауданы әкімдігі ғимаратында (Самар ауылы, Горохов көшесі, № 58) өтеді.