Самар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Самар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Самар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен Қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Самар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Самар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары»;
4 тармақтың 2-абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін Қағидаға сәйкес нормативтер шегінде уәкілетті орган есептейді».
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тұрғын үй көмегін алу үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді.
Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Самар ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Самар ауданы мәслихатының төрағасы |
|
Г. Шаймарданова |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 06.02.2026
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 37951 болып енгізілді
Результаты согласования
Государственное учреждение "Аппарат маслихата района Самар" Восточно-Казахстанской области - Председатель маслихата Гульнар Касымжомартовна Шаймарданова, 05.02.2026 14:32:22, положительный результат проверки ЭЦП