Хабарлама. Учаскелік сайлау комиссияларының босатылған мүшелерінің тізбесі
Соңғы жаңалықтар
ХАБАРЛАМА!!!
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 19-бабының 6-тармағына және Самар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының «Самар ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулысына сәйкес, Самар ауданының учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің 9 мүшесін өз еркімен босату туралы өтініш беруіне байланысты өз міндеттерінен босатылды.
Констиуциялық заңның 10-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданының мәслихаты Самар ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін шығып қалғандардың орнына ауыстыру бойынша жұмысты бастайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын құрады.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 09 желтоқсаннан бастап 23 желтоқсанға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс;
Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата – аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары (әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерін ауыстыру бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы 23 желтоқсанға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін.
Самар ауданының мәслихаты
Шаймарданова Гульнар Касымжомартовна – Самар ауданы мәслихатының хатшысы.
Мәслихаттың орналасқан жері: ҚР, ШҚО, Самар ауданы, Самар ауылы, Горохов көшесі, 58 үй, 2-қабат.
Жауапты тұлға: Нурпейсова Гульсара Ануарбековна, қалааралық телефон коды (87233331732), ұялы телефон 87051351099, электрондық пошта мекенжайы: : g.nurpeisova@akimvko.gov.kz.
Самар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының «Самар ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулысымен МО ИРБП порталында – Самар ауданының мәслихаты – «Сайлау» бөлімінде танысуға болады.
Учаскелік сайлау комиссияларының босатылған мүшелерінің тізімі:
№ 820 - учаскелік сайлау комиссиясы 2 адам:
«AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы Самар аудандық филиалынан;
Қазақстанның «АК ЖОЛ» Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалынан
№ 821 учаскелік сайлау комиссиясы -3 адам:
Қазақстанның «АК ЖОЛ» Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалынан
«Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалынан
«Қазақстанның Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалынан
№ 822 учаскелік сайлау комиссиясы -1 адам:
«Қазақстанның Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалынан
№ 834 учаскелік сайлау комиссиясы -1 адам:
«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалынан
№ 837 – учаскелік сайлау комиссиясы – 1 адам:
«Шығыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінен
№ 842 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 адам:
«Қазақстанның «АК ЖОЛ» Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалынан