GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Мәслихат туралы
Баспасөз орталығы
Все материалы
21 мая 2026
Х А Б А Р Л А М А САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, 17-бабына сәйкес Т.Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы «Арай» шағынауданы аумағынан №526 (бес жүз жиырма алты) сайлау учаскісінің құрылуына байланысты, аудандық сайлау комиссиясы айқындаған сандық құрамға сәйкес 5(бес) комиссия мүшелігіне бір орынға бір кандидаттан өз кандидатураларыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.    

         Сіздер өз тараптарыңыздан 2026 жылдың маусым айының 04-не дейін жоғарыдағы аталған учаскелік сайлау комиссиясына өз кандидаттарыңыздың тізімі мен қажетті құжаттарын ұсына аласыздар. Атап айтқанда:

  1. Кандидатты тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органдары отырысының хаттамасынан үзінді.
  2. Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарына тіркелгендігі туралы құжаттардың көшірмесін.
  3. Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші қоса жіберіледі.

 

Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппаратының мекен-жайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі № 75. Байланыс телефондары 2-12-23, 2-12-76. Электрондық почта:  E-mail: masl.t.ryskulova@mail.ru.

                     Мәслихат  аппараты

20 мая 2025
Хабарландыру

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6 негізгі сала бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.

Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады: іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.

Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады.

Ұлттық комиссияның отырысының қорытындысымен үздік 50 кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.

 

07 февраля 2025
Хабарландыру

Т.Рысқұлов аудандық мәслихат төрағасының

2025 жылдың  07 ақпанындағы №8 Өкімі

  

 

Т.Рысқұлов аудандық

Қоғамдық кеңесінің

құрамын бекіту туралы

 

     «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 9-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесінің» 32 тармақтарына, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының 06.02.2025 жылғы екінші отырысының №2 хаттамасына сәйкес Т.Рысқұлов ауданы Қоғамдық кеңесінің қалыптастырылған құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    

   

         Мәслихат  төрағасы                                             Е.Абуталипов

 

 

 

 

                                                                                Т.Рысқұлов ауданы

                                                                                мәслихаты төрағасының

                                                                                2025 жылғы « 07» ақпандағы

                                                                                № 8  өкіміне қосымша

  

           Т.Рысқұлов ауданы  Қоғамдық кеңесінің құрамы

 Манғұтов Мырзабек Қарақұлбайұлы – Зейнеткер. Т.Рысқұлов ауданы әкелер кеңесінің төрағасы.

  1. Абдикадыров Сатжан Рахманович – Т.Рысқұлов ауданының «Киелі Құлан» қорының президенті.
  2. Алагозова Түзел Селбаевна – Зейнеткер. Т.Рысқұлов ауданы аналар кеңесінің төрайымы
  3. Ибрагимов Мият Садырович – Қызылшаруа ауылындағы №3 орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

5. Левицкая Любовь Павловна – Зейнеткер. Орыс этно-мәдени бірлестігінің төрайымы.

  1. Альпеисов Бейсенбек Ашималиевич – Зейнеткер.
  2. Жуманкулова Раушан Кошербековна – Зейнеткер. Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыру-әдістемелік қызмет басшысы.
  3. Досаев Турсынбек Зикирбаевич - «Жақсылық» шаруа қожалығының басшысы.
  4. Шукеев Муратхан Жунусалиевич – Зейнеткер.

10.Әбдікерім Даурен Қайратұлы - № 24 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшысы.

11.Исмаил Қайрат Әбілханұлы -  Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары.

12.Қырықбаев Рустем Қуанышбекұлы - Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы.

13.Базаркулов Нұрдос Жексенұлы - Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

14.Кокумбаев Сейтбек Кенесович- Т.Рысқұлов аудандық мәслихат депутаты. «Хамза» шаруа қожалығының басшысы.

15.Тұғылшиев Ертіс Армиябекович - Т.Рысқұлов аудандық мәслихат депутаты. «Ердос А» шаруа қожалығының басшысы.

 

17 января 2025
Хабарландыру

 Өтініш үлгісі

 

Кімге _____________________
(жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
__________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____,
берілді (қашан, кім)

ЖСН)

 

 

________________ Қоғамдық Кеңесінің құрамына кандидатураны

ұсыну туралы

ӨТІНІШ

 

Мен, __________________________________________________________,

(тегі, аты, әкесінің аты)

______________________ Қоғамдық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын.

Осы өтінішпен мен «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Заңның 10-бабының талаптарына сәйкестікті растаймын.

Мен мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) жеке куәлік;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі.

 

20___ жылғы «__»___________    Өтініш берушінің қолы ___________

17 января 2025
Хабарландыру

Т.Рысқұлов аудандық  Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс туралы ХАБАРЛАМА

 

      Т.Рысқұлов аудандық  мәслихаты Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашасындағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік Ереженің негізінде Т.Рысқұлов аудандық Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізілетіндігін  хабарлайды. 

       Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 15 (он бес) адамнан, оның ішінде 5 (бес ) адам мемлекеттік органның және 10 (он) адам коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен  азаматтардың қатарынан тұрады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының электрондық мекенжайына:

 

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

 

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы және уақыты:

Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі,  №101 бөлме, электрондық мекен жай:  masl.t.ryskulova @ mail.ru  Байланыс телефоны 8/726/31-2-12-23

Жұмыс уақыты: сағат 9:00-ден  18:30 дейін, үзіліс: 13:00  -  14:30.

 

 

Жұмыс тобының басшысы                                          Қ.Бижанов

16 января 2025
Хабарландыру

15.01.2025ж.                            Өкім №5

 

Т.Рысқұлов ауданының  Қоғамдық кеңесін

қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ

құрамын бекіту туралы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 8-бабы 4-тармағына сәйкес  Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ төмендегі құрамда бекітілсін:

Жұмысшы топ төрағасы

  1. Бижанов Кожайхан Казыбаевич – Зейнеткер, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Жұмысшы топ мүшелері:

  1. Бектенбай Аскар – Зейнеткер.
  2. Таттыхожаев Талғат Сайлауович – Аудандық мәслихат депутаты, «Азия газ құбыры» мекемесінде күзет бастығы.
  3. Маткеримов Жексенби – Зейнеткер.
  4. Бабасов Бердихан Орынбасарович - М.Төлебаев атындағы саз мектебінің директоры
  5. Амреев Асқар Әміреұлы - Т.Рысқұлов аудандық мәслихат аппаратының басшысы ;
  6. Құралбаев Ернар Сабитбекұлы - Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы;

 

   

          Мәслихат  төрағасы                                          Е.Абуталипов

14 января 2025
Хабарландыру

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

 

        Т.Рысқұлов ауданы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобына мүше болуға құжат өткізген үміткерлер   Қазақстан Республикасының 2015 жылдың   2 қарашасындағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілі ереженің»  талаптарына сәйкес 2025 жылдың 15 қаңтар күні аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Тіркелу уақыты : сағ. 15:00

Басталу уақыты : сағ. 16:00

 

Ескерту:

  1. Қоғамдық кеңестің жұмыс тобына үміткерлер жеке төл құжаттарымен келуі міндетті.

 

 

             Аудандық мәслихат аппараты

31 декабря 2024
Хабарландыру

  Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі

жұмысшы тобының мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізуге

Х А Б А Р Л А М А

 

        Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының 2015 жылдың   2 қарашасындағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.

         Жұмыс тобы құрамының саны 7 адамнан, оның ішінде 2  адам мемлекеттік органның және 5 адам коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен  азаматтардың қатарынан тұрады.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының электрондық мекенжайына:

 

  • кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
  • өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  • сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
  • психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
  • кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

     Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

       2-нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтініші.

      Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы және уақыты:

Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі №75,  №114 бөлме, электрондық мекен жай:  masl.t.ryskulova @ mail.ru  Байланыс телефоны 8/726/31-2-12-23

Жұмыс уақыты: сағат 9:00-ден  18:30 дейін, үзіліс: 13:00  -  14:30.

 

                       Т.Рысқұлов аудандық мәслихат  аппараты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 нысан

  

                                                   Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының

                                                    төрағасы  Е.Абуталиповке

                                                                                        

                                            ______________________________________________

 

                                          ___________________________________       тұратын

                                                       (елді мекен көше, үй, пәтер)

                                            _______________________________________________

                                                                        (өтініш берушінің аты-жөні, тегі

                                                                       (бар болған жағдайда),

                                                                        жеке куәлік № ____,
                                                                        берілді (қашан, кім)))

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Өтініш

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

      Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) ________________________________________________________

      2) ________________________________________________________

      3) ________________________________________________________

      4) ________________________________________________________

      5) ________________________________________________________

      6) ________________________________________________________

      7) ________________________________________________________

      20___ жылғы "____"             Өтініш берушінің қолы ___________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 нысан

  

                                          Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының

                                          төрағасы  Е. Абуталиповке

                                                                                        

                                            ______________________________________________

 

                                          ___________________________________       тұратын

                                                       (елді мекен көше, үй, пәтер)

                                            _______________________________________________

                                                                        (өтініш берушінің аты-жөні, тегі

                                           (бар болған жағдайда), жеке куәлік № ____,
                                           берілді (қашан, кім)))

 

 

 

 

                                                          Өтініш

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) ________________________________________________________

      2) ________________________________________________________

      3) ________________________________________________________

      4) ________________________________________________________

      5) ________________________________________________________

      6) ________________________________________________________

      7) ________________________________________________________

      20___ жылғы "____"             Өтініш берушінің қолы ___________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

04 июля 2024
Хабарландыру

                                                                      Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

 Т.Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттарының назарына!

            Сегізінші  шақырылған  Т. Рысқұлов  аудандық  мәслихатының  кезекті   жиырма бірінші  сессиясы  2024 жылдың  05 шілдесінде                            сағ.     15-00  аудандық  әкімдіктің үлкен мәжіліс залында төмендегідей күн тәртібінде өткізіледі :

  1. «Т. Рысқұлов ауданының 2023жылға бөлінген бюджетінің орындалғандығы туралы» қаржы бөлімі басшысының  есебі.
  2. «Аудан аумағында автомобиль және көше  жолдарының жайы, қоғамдық көлік пен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және оны жақсарту туралы» аудан әкімдігінің  тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық,  автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі  бөлімі басшысының есебі
  3. Экономика, қаржы, бюджет, салық, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту және  жергілікті өзін-өзі    басқару жөніндегі  тұрақты комиссияның 2023 жылғы атқарған жұмыстары туралы комиссия төрағасының есебі. 
  4. Әртүрлі мәселелер.

        Тұрақты комиссиялар отырысы 2024 жылдың  05 шілдесіндне  сағ.                14-00  аудандық  мәслихаттың депутаттық мәжіліс залында  өткізіледі Кешікпей толық келулеріңізді  сұраймыз.

                                           Аудандық мәслихат аппараты

25 апреля 2024
Хабарландыру

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

персоналды басқару қызметі  жауапты

 Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру жариялайды

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

 Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

     - жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

     - мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

     - жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

      

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

 

№

Санаты

Лауазымдық жалақысы қызмет

өткерген жылдарын есептегенде

 тенгеден бастап

тенгеге дейін

1

E-4 (А)

               226837

260564

 

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппараты бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы  көшесі  №75 үй, каб.№ 114, анықтама үшін телефондар, код: 8(726-31) 2-12-23, 2-12-76,  электрондық почта: k.sagymbekova@zhambyl.gov.kz

  Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппаратының кадрлық, құқықтық және іс-жүргізу бөлімшесінің бас маманы; санаты Е-4, 1 бірлік (№02-3-1):

Қызметтік міндеттері:

           Аудандық мәслихат пен аудандық мәслихаттың сессиясының қабылдаған шешімдерімен танысып, олардың заңға сәйкестігі бойынша сараптама жұмыстарын жүргізу және әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етеді.   Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік-құқықтық келісімдері бойынша азаматтар мен аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлеріне құқықтық кеңестер беріп, талап-арыз жұмыстарын жүргізеді. Заң шығарушылық және орындаушылық біліктің, нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын ұйымдастырады және құқықтық тәртіптік заңдылықтарды үйлестіреді.

     Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім, техникалық білім.

 

МамандығыАзаматтық құқық, халықаралық құқық, құқықтану, құқық. 

Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.

 

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін, мемлекеттік басқару саласындағы қатынасты ретке келтірудегі Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық актілерін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекен-жайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекен-жайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080900, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №75.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, №75 мекен – жайда орналасқан Т.Рысқұлов аудандық мәслихат  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Өтініш беру оны

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы