БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына
«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.
Шешім жобасы Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 89-тармағы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектеновтің 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 16-14/Б-65 тапсырмасы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.М. Ертаевтың төрағалығымен өткен жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік көмекті біріздендіру мәселелері жөніндегі 2026 жылғы 19 ақпандағы № 11-ПС кеңес хаттамасы негізінде әзірленді.
Шешім жобасының негізгі мақсаты Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың нақты қағидаларын, Қостанай облысы бойынша біркелкі әлеуметтік көмек түрлерін белгілеу болып табылады.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы 2026 жылғы 26 наурызда нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналастырылған:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15791873
.