Рудный қалалық мәслихаты шешімінің
жобасы
Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 257 «Рудный қаласының 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Рудный қаласының 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 36 503 866,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 33 447 014,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 1 289 009,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 277 746,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 1 490 097,9 мың теңге;
2) шығындар – 36 660 339,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 389 586,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 000,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -547 058,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 547 058,5 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2026 жылға арналған жергілікті атқарушы орган резервінің мөлшері 839 869,2 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков