«Рудный қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешім жобасына баспасөз релизі
«Рудный қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешім жобасы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – шешім жобасы).
Осы шешім жобасын қабылдаудың мақсаты – Рудный қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көмуге арналған тарифтерді халыққа бекіту.
Шешім жобасы әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағынан теріс салдарға әкелмейді.
Шешім жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталына орналастырылды: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15767054